Украинада тұңғыш исламдық «УММА» ақпараттық агенттігі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада тұңғыш исламдық «УММА» ақпараттық агенттігі ашылды

Украинада тұңғыш исламдық «УММА» ақпараттық агенттігі ашылды

Украинада алғашқы исламдық ақпараттық «УММА» агенттігі жұмысын бастады, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 20 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылдың сәуірінде Украина әділет министрлігінен тиісті рұқсат алынып, маусым айынан ақпараттық агенттіктің интернет-порталы жұмысын бастады, делінген жаңа БАҚ дүйсенбі күні таратқан хабарында.

Хабарда айтылғандай, жобаның бас редакторы болып қоғамдық бастамамен украиндық журналист, діни сенімі бойынша мұсылман — Андрей (мұсылманша есімі Әнуар) Деркач тағайындалды.

«Біз өзіміздің негізгі мақсатымыз — мұсылман елдеріндегі оқиғаларды мейлінше объективті жазып отыру, Украинадағы және әлемдегі ислам туралы тарихи және анықтамалық мәліметтерді шынайы жазып отыру деп білеміз. Агенттік өзінің жұмысында бейтараптық қағидасын ұстана отырып, діни және идеологиялық қақтығыстар тудыратын мақалаларды жариялаудан бас тартады», — деп айтқан УММА-ның бас редакторының сөзі келтірілген ақпараттық баянда.

А. Деркачтың айтуынша, жаңа ақпараттық ресурс Украинада жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, мұсылман дін басқармаларының ағарту, мәдени, құқық қорғау жобаларына ерекше назар аударады.

Мұсылмандардың алғашқы ақпараттық агенттігі өздерін ең алдымен елде тұратын мұсылмандарға есептелген басылым ретінде таниды. Бірақ А. Деркач оқырмандар көп болатын шығар деп есептеп отыр.

«Таяу Шығыстағы қазір болып жатқан оқиғалар көптеген оқырмандарды қызықтырады. Бірақ олар туралы мәліметтер тым біржақты. Біз оқырмандарды мейлінше сан алуан пікірлермен таныстырып, тек әлемдік ақпараттық агенттіктердің айтқан ұстанымдарымен ғана шектелмей, жергілікті араб БАҚ-тарына назар аудармақшымыз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар