Украинада Жоғарғы рада сайлауының нәтижелері жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада Жоғарғы рада сайлауының нәтижелері жарияланды

Украинада Жоғарғы рада сайлауының нәтижелері жарияланды

Украинада Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сенбі күні кеште парламентке партиялық тізім бойынша сайлаудың ресми қорытындыларын жариялады.

  • 11 Қараша 2012
  • 378
Фото - Caravan.kz

Жарияланған мәліметтер бойынша, Аймақтар партиясы 30,00% (6 млн 116 мың 746 дауыс) жинады, деп хабарлады РБК.

«Батькивщина» 25,54% (5 млн 209 мың 090 дауыс), «Удар» — 13,96% (2 млн 847 мың 979 дауыс), Украина Коммунистік партиясы — 13,18% (2 млн 687 мың 269 дауыс), «Свобода» — 10,44% (2 млн 129 мың 933 дауыс) жинауда.

Сөйтіп, Аймақтар партиясы 72 мандат, «Батькивщина» — 62, «Удар» — 34, Компартия — 32, «Свобода» — 25 мандат алады.

Қалған партиялар 5 пайыздық межені еңсере алмай, Жоғарғы радаға өтпей қалды.

ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Шаповал бүгінгі күні комиссия тұтастай алғанда 186 бір мандатты округ бойынша нәтижелерді анықтағанын хабарлады. Даулы округтер мәліметтерін есепке алғанда, мұнда «Аймақтар партиясының» 115 өкілі, «Союз» партиясының 1 өкілі, 45 өзін-өзі ұсынғандар, 40 «Батькивщина» өкілі, 12 «Свобода» өкілі, 2 Халықтық партия өкілі, 3 «Единый центр» партиясы өкілі, 6 «Удар» партиясының өкілі, 1 Радикалдық партия өкілі жеңіске жетуде.

Бұдан бұрын, 5 қарашада Украина ОСК бес округте — 94, 132, 194, 197 және 223-ші округтерде сайлау заңнама бұзушылықпен өткен деп тану туралы қаулы алған болатын. Орталық сайлау комиссиясы бұл округтерде 2013 жылғы қаңтар айында қайтадан сайлау өткізуді ұсынды. Келесі күні Украина Жоғарғы радасы осы округтерде қайта сайлау өткізу туралы ұсынбамен қаулы қабылдады.

Еске сала кетейік, Украинадағы парламенттік сайлау 28 қазанда өткен болатын. Соңғы 10 жылда алғашқы рет дауыс беру аралас жүйемен өткізілді. Жоғарғы радаға 5 мыңнан астам үміткер қатысты.

Заңға сәйкес 225 депутат партиялық тізіммен, сонша парламентші мажоритарлық жүйемен бір мандатты округтардан сайланады. 21 саяси партия өз кандидаттарын ұсынды.

Украиндық байқаушылар өткен науқанды ел тарихындағы ең лас сайлау деп атады. Батыстық байқаушылар бағалауларда барынша сақ болуға тырысты, ресейлік өкілдер сайлаудағы қандай да бір бұзушылықтар жөнінде мәлімдемелер жасаған жоқ.