Украинадағы қақтығысқа қатысқан Қ­азақстан азаматына шартты жаза кесілді ­ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы қақтығысқа қатысқан Қ­азақстан азаматына шартты жаза кесілді ­

Украинадағы қақтығысқа қатысқан Қ­азақстан азаматына шартты жаза кесілді ­

Өскемен қаласының №2 соты шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқан жергілікті тұрғынға жаза кесті.

  • 7 Тамыз 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы облыстық сот төрағасы Досжан Әміров хабарлады.
Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша айыпталған ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
«Істі жан-жақты қарап шыққан сот оны айыпты деп танып, үш жылға шартты жаза түрде кесті. Сонымен қатар, күдікті сот процесіне кеткен шығындарды төлеуі тиіс», — делінген хабарламада.
Іс материалдарына сүйенсек, өскемендік азамат Украинаның оңтүстік-шығысында көтерілісшілер жағында болып, оларға медициналық жәрдем көрсетіп келген.
«Сотталушының айтуынша, ол Луганск түбіндегі әуежайдағы соғысқа қатысқан. Бірақ, бірде-бір рет оқ атпаған. Сол ұрыста жараланған ол Донецк госпиталіне жеткізіліпті. Емделіп шықаннан кейін Өскеменге қайтып оралған азаматты ҰҚК қызметкерлері қамауға алған» көрінеді.

Соңғы жаңалықтар