Украинадағы соғысты қолдаған қазақ музыкантынан НАТО елінде жылжымайтын мүлік табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы соғысты қолдаған қазақ музыкантынан НАТО елінде жылжымайтын мүлік табылды

Украинадағы соғысты қолдаған қазақ музыкантынан НАТО елінде жылжымайтын мүлік табылды

Қазақстандық "Motor-Roller" тобының негізін салушы, әнші Ілияс Аутовтың Украинадағы соғысты қолдаған болатын. Алайда, қазақ музыкантының НАТО елінде жылжымайтын мүлкі бары анықталды.

  • 16 Наурыз 2023
  • 665
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Выход к морю" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен көптеген ресейлік жігіттердің Қызыл Ту астында соғысып жатқанына қуаныштымын. Бұл өте символдық, өйткені соғыс шынымен де, өткен ғасырдың 40-жылдарындағыдай, әлемдік нацизммен жүреді. Бұл Украина мен Ресейдің қақтығысы емес, бұл батыстан, фашистік Америкадан, фашистік Англиядан және басқа да нацистік еуропалық мемлекеттерден ұялмайтын Ресей мен фашистердің қақтығысы" , — деген болатын қазақстандық музыкант Ілияс Аутов.

НАТО елдерін сонша жерден алып жерген Аутов сол елдердің бірі Болгариядан пәтер алғаны белгілі болды. Ол қазір де оған иелік етеді. Болгария 2004 жылдан бастап Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі. Ресейдің Украинаға әскери шапқыншылығы басталғаннан бері ол Киевке 250 миллион доллардан астам көмек көрсетті.


Соңғы жаңалықтар