«Украинадағыдай болуы мүмкін»: Ресей депутаты Тоқаевтың мәлімдемесін Путинге қыр көрсету деп бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Украинадағыдай болуы мүмкін»: Ресей депутаты Тоқаевтың мәлімдемесін Путинге қыр көрсету деп бағалады

«Украинадағыдай болуы мүмкін»: Ресей депутаты Тоқаевтың мәлімдемесін Путинге қыр көрсету деп бағалады

Олардан ештеңе күтпеген кезде ең құрығанда үндемеу керек еді деді, дума депутаты. 

  • 20 Маусым 2022
  • 3118
Фото - Caravan.kz

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы mk.ru-ға сілтеме жасап. 

«Қазақстанның “ДХР” мен “ЛХР” аймақтарын мойындамайтыны Тоқаевтың мәлімдемесінсіз де белгілі болды. Бірақ бұл туралы Путин қатысөан отырыста айтқаны, менің ойымша, дұрыс емес. Бұл қасындағы президентке қыр көрсету сияқты көрінді", деді Затулин.

Сондай-ақ Затулин Қазақстанда халықтың басым бөлігін орыстар құрайтын өңірлер бар екенін де тілге тиек етті.


Егер бізде достық, ынтымақтастық және серіктестік болса, онда ешқашан аумақтық мәселе көтерілмейді. Ал олай болмаса, түрлі жағдай болуы ғажап емес. Мәселен, Украинадағыдай. Осыған назар аударған жөн»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар