Украинадағы соғыста әйгілі ресейлік қазақ қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы соғыста әйгілі ресейлік қазақ қайтыс болды

Украинадағы соғыста әйгілі ресейлік қазақ қайтыс болды

2008 жылы әлемдік БАҚ-та өзінің фотосуреті арқылы танымал болған Тасболат Ибрашевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

  • 11 Ақпан
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ресейлік журналист Виктор Шацких Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“3 ақпанда Волчанск маңында әйгілі суреттің қаһарманы, ресейлік қазақ Тасболат Ибрашев қаза тапты деп хабарлануда. 2008 жылдың тамызында келісімшарт негізінде қызмет еткен Ибрашев жалғыз өзі пулеметімен грузин әскери колоннасын тоқтатып, ресейлік қосымша күштер келгенше оларды көздеп тұрған. Қызметін аяқтаған соң Ибрашев туған жері Астрахан облысына оралды. Оны марапаттап, «Газпромда» жұмыс берді. Алайда, соғыс басталғанда, ол жаңа келісімшартқа отырып, Украинаға аттанды”, — деп жазды ресейлік журналист.

Этникалық қазақ 2023-тің қыркүйек айында келісім шартқа отырып, сол кезден бері Украинада соғыс жүрген еді.

Перейти к новостям спорта