Украинадан келген профессор Павлодарда авторлық концертін берді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадан келген профессор Павлодарда авторлық концертін берді

Украинадан келген профессор Павлодарда авторлық концертін берді

Украина мен Ресейдің танымал бард әншісі В.Теркулов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өзінің авторлық концертін берді,

  • 9 Ақпан 2013
  • 460
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Концерттер Вячеслав Исаевичтің негізгі жұмысы емес, ол ПМУ-ға лингвистика, университеттегі академиялық мобильділік бағдарлама бойынша дәрістер оқуға келді. В.Теркулов — танымал ғалым, филология ғылымдарының докторы, Ресей мен Украинада шәкірттері мол профессор. Ол «Орыс тілін таратудағы сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері, Украинаның орыс тілі және әдебиеті оқытушылары қауымдастығының мүшесі. Украинаның лингвистикалық картасы мен Ресей Федерациясының украиналық сөйлеу дыбыстары картасын құрумен айналысуда.

Профессор-бард поэзиялық жинақтар шығарады және туған Донецк қаласында жеке концерттерін береді.

ПМУ-де Вячеслав Теркулов өзінің үздік шығармаларын орындап, студенттермен әңгімелесті.

Перейти к новостям спорта