Бұл туралы оның жары, Маргарита Симоньян telegram-арнасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Соңына дейін айтқым келмеген еді, бірақ тілшілер хабарласып қоймай жатқандықтан өзім жазайын. Менің күйеуім, Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен кейін комада жатыр. Оның бұрыннан жүрегі қатты ауыратынын көпшілігі біледі.
Жансақтау бөлімінде видеоға түсіріп, жылап видео түсіре алмаймын. Сондықтан әлеуметтік желіге жаза алмағаным үшін кешірім сұраймын!
Тигранның да, менің де анам бізбен бірге тұрады. Екі жыл бұрын үлкен ұлынан айырылып, енді кішісінен айырылу сәтінде тұрған ананың жағдайы өте ауыр», — деп жазды Симоньян.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы ол ресейлік телеарнадағы бағдарламалардың бірінде Қазақстанға тіл тигізіп, «Украинаға қараңдар, дұрыс ойланыңдар» деген еді.