Украинаға қараңдар: Ресейлік журналист қазақстандықтарды "қу, зымиянсыңдар" деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинаға қараңдар: Ресейлік журналист қазақстандықтарды "қу, зымиянсыңдар" деп атады

Украинаға қараңдар: Ресейлік журналист қазақстандықтарды "қу, зымиянсыңдар" деп атады

Әлеуметтік желілерде "халықаралық пилорама" жобасының жүргізушісі, кинорежиссер Тигран Кеосаянның Қазақстанға қатысты мәлімдемесі резонанс тудырды.

  • 27 Сәуiр 2022
  • 5179
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қазақтар, бауырлар, бұл не қылған құрметсіздік? Сендер Ресей бір жерге жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Марсқа эммиграция жасайды деп ойлайсыңдар ма? Әлде сендер марсқа эммиграция жасайсыңдар ма? Мен Ресей Федерациясының азаматы ретінде өзімнің жеке пікірімді айтып тұрмын. Украинаға жақсылап қараңдар. Жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да өзара қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені, әрі қарай да осылай болады, қу, зымиян боламыз деп ойласаңдар,ол үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді. Пойыз кетіп барады. Сендер соңғы вагонға отырып үлгере аласыңдар. Кем дегенде, мен бұған сенемін, өйткені достық аяқталды. Қазір бұл аман қалу мәселесі. Соғыс жүріп жатыр. Екі үлкен, үлкен идеялардың, екі үлкен елдің соғысы және екінші ел Украина емес, Америка мен НАТО. Бауырлар елдер жақсылап ойланып, қай жаққа қарай шығу керектігін ойлауы тиіс. Ал біз кім бар, кім жоғын қарастыруымыз қажет. Кем дегенде экономикалық және ақпараттық доктриналарда. Жетер, жетер Қазақстан билігіне көмектесе беруді. Ал сендер парадқа жол бермей жатсыңдар ма? Расымен бе?", — деді Тигран Кеосаян.


 

Соңғы жаңалықтар