Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Украина президенті Л.Кучма елдің қорғаныс министрі мен сыртқы істер министріне Ирактағы Украиналық бітімгершілер бөлімін биылғы жылдың алғашқы жартысында шығару жұмыстарына бұлтарыссыз кірісу туралы тапсырма берген болатын.
Украина парламенті ел президентіне бұл жайындағы өтінішті тіпті 2004-жылдың 3-желтоқсанында жолдаған. Сол кезде қорғаныс министрі бітімгершілерді елден шығару үшін 6 ай мерзім мен 11 млн. АҚШ доллары қажет деп мәлімдеген. 2005-жылдың 9-қаңтарында Иракта Украинаның сегіз жауынгері қаза тапқаны мәлім болды. Жалпы 2003-жылдың тамыз айынан бері Иракта Украина елінен 1600 бітімгерші қызмет атқаруда. Осы уақыт ішінде 17 украина азаматы мерт болып, 30 адам жараланды.