Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Олар екі тікұшақпен жеткен.
Зеленскийдің кеңсесі хабарлағандай, делегация құрамында қорғаныс министрі, "Слуга народа" фракциясының басшысы және сыртқы істер министрінің орынбасары бар.
Бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен Гомель аумағында келіссөз жүргізу мәселесі келісілгенін айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Александр Лукашенко Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін атап өтті. Кейінірек Sputnik Беларусь кездесу Александровка-Вильча өткізу бекетінде болатынын хабарлады.
Кеше, 27 ақпанда ресейлік делегация украиналықтармен келіссөз жүргізу үшін Беларуське барды.
Делегация құрамына Ресейдің сыртқы істер, қорғаныс министрліктері мен өзге ведомство өкілдері енген.