Украиналық кәсіпкерлер ТұранӘлемБанкімен ынтымақтастыққа әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украиналық кәсіпкерлер ТұранӘлемБанкімен ынтымақтастыққа әзір

Украиналық кәсіпкерлер ТұранӘлемБанкімен ынтымақтастыққа әзір

"ТұранӘлемБанкі" АҚ, Украинадағы Қазақстан елшілігі мен Украинаның халықаралық ынтымақтастық орталығы бірлесе ұйымдастырған "Қазақстанмен сауда-саттық" атты форумда Украиналық экспорттаушы компаниялар ТұранӘлемБанкінің қаржыландыру саласындағы өнімдеріне айрықша қызығушылық танытты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің Киевтегі өкілдігінің төрайымы Светлана Бердалиеваға сілтеме жасай отырып "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Алдағы уақытта Киевтегі өкілдік орта кәсіпкерлікпен шұғылданатын жергілікті компаниялардың басшыларымен дербес кездесулер өткізуді көздеп отыр»,- дейді баспасөз қызметі. Украиналық банктер өз клиенттеріне сауда-саттықты қаржыландыру өнімдерін мүлдем ұсынбайтын көрінеді. ТұранӘлемБанкі осы саладағы сұраныс туралы жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе талқыламақшы.

Перейти к новостям спорта