Украинаның бұрынғы премьер-министрі Ю.Тимошенко сот алдында жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Ю.Тимошенко сот алдында жауап берді

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Ю.Тимошенко сот алдында жауап берді

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко сот алдында жауап берді. Экс-премьерге қатысты істі Киевтің Печерск соты қарап жатыр.

  • 25 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz


Бас прокуратураның Тимошенкоға таққан басты айыбы 2009жылғы Ресеймен арадағы газ келісіміне қатысты. Сол кезде Үкіметті басқарған Тимошенко ханым қызмет бабын асыра пайдаланып,Министрлер кабинетінің келісімінсіз Ресей газын Украинаға тиімсіз бағамен сатып алған. Аталмыш дерек бойынша қозғалған іс әлі тексеріліп жатыр. Сотқа алдағы аптада жетуі тиіс. Ал бүгінгі алдын ала тыңдауда екі қылмыстық іс қаралды. Біріншісі — Киото хаттамасы аясында ауадағы қалдық газдарды жоюға деп Украинаға берілген қаржы тиісті мақсатта жұмсалмаған. Екіншісі Денсаулық сақтау министрлігіне жедел жәрдем көлігін сатып алуға қатысты. Прокуратура осы келісім жасалғанда баға тым қымбат етіп көрсетілген деп отыр. Дегенмен Тимошенконың өзі мұны «саяси іс»деп атады. Айтуынша, президент Виктор Янукович осындай жолмен басты саяси бәсекелесінен құтылмақ екен. Ал экс-премьердің жақтастары “жалған айыптарға негізделген істі” тоқтатуды талап етіп, сот ғимараты алдында наразылық білдіруде. 

Соңғы жаңалықтар