Ұлан ауданының әкімі ауысты - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлан ауданының әкімі ауысты - ШҚО

Ұлан ауданының әкімі ауысты - ШҚО

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Ұлан ауданының жаңа әкімін тағайындауға келісімдерін берді.

  • 9 Шiлде 2014
  • 650
Фото - Caravan.kz


 Бұл қызметке осыған дейін Аягөз қаласын басқарған Бақытжан Баяхметов тағайындалды.   ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлан ауданына жұмыс сапарымен келген кезде аймақ активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз орталығы.

Бақытжан Баяхметов 1970 жылдың 29 тамызында Аягөз қаласында туған. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын инженер-электрик, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы «Алтайэнерго» мекемесі Аягөз электр торабының инженері болып бастаған.

2002 жылы «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының директоры, 2004 жылдың мамырынан Аягөз аудандық электр желісінің басшысы қызметін атқарды.  2004 жылдың желтоқсанынан Бородулиха ауданы электр торабының бастығы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болды. 2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» ЖШС атқарушы директоры, 2009 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы, 2009 жылғы сәуірден ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің есеп басқармасы бас сарапшысы 2009 жылғы маусымынан Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, 2009 жылғы қазаннан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қарашасынан бастап Аягөз қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.