Ұлан-Батырда конфессияаралық келісім тақырыбына арналған іс-шара өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлан-Батырда конфессияаралық келісім тақырыбына арналған іс-шара өтті

Ұлан-Батырда конфессияаралық келісім тақырыбына арналған іс-шара өтті

Өткен аптаның соңында Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігі Монғолиядағы Қазақстан Республикасының Мәдениет орталығымен бірлесе отырып Қазақстандағы этникааралық және конфессияаралық келісімді насихаттау мақсатында «Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің моделі» атты Монғолиядағы дәстүрлі діни конфессиялардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді, деп хабарлады Қазақстанның Монғолиядағы Елшілігі.

  • 18 Қараша 2010
  • 729
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға Монғолия Буддистер Орталығының Хамба ламалары, Ұлан-Батырдағы Ватикан Өкілдігінің өкілі, Свято-Троицк шіркеуінің меңгерушісі — Мәскеулік Патриархаттың діни шетел қарым-қатынастары қызметкері, Монғолиядағы Мұсылман ұйымдары қоғамының өкілдері және аталмыш елдегі қызметтерін атқарудағы басқадай қоғамдық, қайырымдылық, діни ұйымдар мен басқармалардың өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» негізгі тақырыптары бойынша Қазақстандағы этникааралық және конфессияаралық келісімнің халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мен үлгісі, оның қалыптасуы, жетістіктері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері және Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы баяндама жасалды.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының бастамасы конфессияаралық келісімге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін әрдайым қолдап отыратынын айта келе, Қазақстандық конфессияаралық келісімнің тәжірибесі мен үлгісін негіздей отырып, Монғолияда өздерінің келісім шараларын ұйымдастыру мүмкіндігі бар екені туралы көптеген пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстанның Монғолиядағы Елшілігі өткен жылдан бастап осы тақырыпқа арналған іс-шараны өткізуді жалғастырып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті.

Отырыс барысында, 2009 жылы шілдеде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезіне Монғолиядан қатысқан Гандантэгчилэн шіркеуінің Да ламасы Багш Бямбажав Съездің әлемдік деңгейдегі маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырылды.