Үлбі металлургия зауыты ААҚ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің рыногына шығу үшін "Ulba-China Co. Ltd." атты кәсіпорын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлбі металлургия зауыты ААҚ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің рыногына шығу үшін "Ulba-China Co. Ltd." атты кәсіпорын құрды

Үлбі металлургия зауыты ААҚ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің рыногына шығу үшін "Ulba-China Co. Ltd." атты кәсіпорын құрды

Үлбі металлургия зауыты ААҚ Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің рыногына шығу үшін бас кеңсесі Шанхайда орналасқан "Ulba-China Co. Ltd." атты кәсіпорын құрды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Кәсіпорын 2004-жылдың 19-тамызында ресми түрде тіркелді.

  • 6 Қыркүйек 2004
  • 1222
Фото - Caravan.kz

Жаңа кәсіпорынның басты мақсаты — Қытай және Оңтүстік- Шығыс Азия елдерінің рыногына сатылатын бериллий өнімдерінің мөлшерін арттыру, тұтынушыларды мыс негізіндегі бериллий лигатурасы, алюминий, никель, берилий оксидінен жасалған өнімдер, берилийлі қола бұйымдармен және басқа да өнім түрлерімен қамтамасыз ету болмақ.

Жаңа кәсіпорын бериллий өнімін өндіруші дүниежүзіндегі ең ірі кәсіпорынға өз тапсырыс берушілеріне жақын болуға, нарық сұранысын тез арада сезініп, өз әріптестеріне сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Үлбі металлургия зауыты ААҚ-ның бериллий зауыты — осындай өнім өндіретін әлемдегі екінші орындағы ірі кәсіпорын. Онда кен концентратынан бастап бериллийді таза металл және құйма түрінде өндіруге дейінгі толық өндірістік цикл жүзеге асырылады. Үлбі металлургия зауыты ААҚ — «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК-ның еншілес кәсіпорны болып табылады.

Перейти к новостям спорта