Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ-тың бір компаниясымен шағын тантал конденсаторларын өндіретін зауыт құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ-тың бір компаниясымен шағын тантал конденсаторларын өндіретін зауыт құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүргізуде

Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ-тың бір компаниясымен шағын тантал конденсаторларын өндіретін зауыт құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүргізуде

ӨСКЕМЕН. 14-тамыз. Kazakhstan Today. "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ АҚШ-тың бір компаниясымен шағын тантал конденсаторларын өндіретін зауыт құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Үлбі металлургиялық зауыты директорының бірінші орынбасары, кәсіпорынның бас инженері Александр Гагарин баспасөз мәслихатында журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Тамыз 2006
  • 718
Фото - Caravan.kz



«Қазір біз Үлбі металлургиялық зауыты аумағында электрон өнеркәсібіне арнап шағын тантал конденсаторларын өндіретін зауыт құрылысын салу жөнінде әлемдік бір өнім өндірушімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,- деді А.Гагарин. «АҚШ-тың бір жетекші компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Бірлескен кәсіпорын құрылады деп ойлаймын»,- деді ол.

«Нәтижесінде 4-5 жылдан кейін Қазақстан микроэлектроника саласына арнап конденсторлар өндіретін ірі өнім өндірушіге айналуы мүмкін»,- деді А.Гагарин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-2007-жылдарда Үлбі металлургиялық зауытын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында ТМД аясындағы электронды өнеркәсіптің сұранысын қамтамасыз етуге жететіндей көлемде қазіргі заманғы конденсаторлық тантал ұнтақтарын өндіретін кәсіпорынды іске қосу межеленген.

Қазіргі таңда Үлбі металлургия зауытында тантал конденсаторлары өндірісінде пайдаланылатын бәсекелестік қабілеті бар өнім алуға қажетті технологиялар мен жабдықтарды өндіру жұмыстары жалғасуда. Әлемдік электроника нарығына қажетті тантал өнімдерін өндіретін тәжірибелік-өнеркәсіптік цех құрылған.

Перейти к новостям спорта