Үлбі металлургиялық зауытында жергілікті апат орын алды
Өскемендегі Үлбы металлургиялық зауыттың берилли өндірісінің мыс лигатурасы учаскесіндегі балқыту кезінде, 7 сағат 45 минутта тигель күйреп, балқыма балқыту торабынан жартылай шығып кетті. Адам шығыны мен зиянды лықсымалар болған жоқ, деп кәсіпорын баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Жоғарғы температураның әсерінен сумен салқындату жүйесінің рәзіңке шлангілері тұтанып, сондықтан түтін бықсыды. Су балқыманы суытып, содан қосымша бу пайда болды. Қоршаған орта мен тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ», - деп хабарлады зауыттан.
Шақыртумен келген өрт сөндірушілер штаттан тыс жағдай болғанымен өрт ошағы пайда болмағанын айтады. Ғимарат пен негізгі құрал-саймандардың зақымдануына жол берілмеді. Материалдық шығын болған жоқ. Қазіргі уақытта апат себептері анықталуда және пешті жаңа балқытуға дайындау жұмыстары жүргізілуде.
«Үлбі металлургиялық зауыт» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бас кәсіпорны болып табылады және уран отын таблеткалары мен бериллилік қола және тантал қорытпаларының бұйымдарын дайындауға бейімделген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін