Үлбі металургиялық зауыты 2 млрд. теңгенің жаңа облигациясын шығармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлбі металургиялық зауыты  2 млрд. теңгенің жаңа облигациясын шығармақ

Үлбі металургиялық зауыты 2 млрд. теңгенің жаңа облигациясын шығармақ

АЛМАТЫ. 6 қараша. Kazakhstan Today. "Үлбі металургия комбинаты акционерлік қоғамының директорлар кеңесі жалпы құны 2 млрд теңгелік облигацияның екінші шығарылымын дайындау туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына сілтіме жасап Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

  • 6 Қараша 2006
  • 545
Фото - Caravan.kz

Облигациялар түрі- купондық, қамтамасыз етусіз, шығарылым түрі құжаттық емес. Номиналды құны 1 мың теңгелік облигация 2 млрд данамен шықпақ. Шығарылымның жалпы құны 2 млрд теңге, қолданыс мерзімі айналымға түскен кезден бастап 4 жыл.

KASE мәліметтері бойынша, облигация айналымға Қазақстандық қор биржасының «А» дәрежесіндегі тізіміне енуден бастап түседі. Жылына екі мәрте сыйақы төлейтін болады.

Үлбі металлургия зауытының негізгі қызметі- уран, бериллий және тантал өнімдерін өндіру. Кәсіпорынның облигациялары Қазақстан қор биржасының «А» категориялы құнды қағаздарының ресми тізімінде сатылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта