Үлескерлер прокуратура қызметкерлеріне алғысын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлескерлер прокуратура қызметкерлеріне алғысын білдірді

Үлескерлер прокуратура қызметкерлеріне алғысын білдірді

Астана қаласындағы «Авангард» тұрғын үй кешені тұрғындарының атынан «Низам» тұрғын үй-құрылыс кооперативі Астана қаласының прокуратурасына алғысхат жолдады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Низам» тұрғын үй-құрылыс кооперативі өз хатында Астана қаласының прокуратурасына және қала прокуроры Мұхтар Жөргенбаевқа алғысын білдірген.

«Прокуратура қызметкерлерінің, атап айтқанда, қала прокурорының орынбасары М.Б. Мұхамбетқазының, 4-басқарма бастығы Б.А. Алашовтың, 4-басқарманың бөлім бастығы Е.А. Жұмағұловтың және 1-басқарма прокуроры Б.С. Төрегельдиннің кәсібилігінің арқасында құрылысы аяқталмаған нысан мен тұрғын үй кешені құрылысына бөлінген жер телімдерін беру жөніндегі сот шешімдері «Авангард» тұрғын үй кешені үлескерлерінің пайдасына шешілді. Қазіргі уақытта 900-ден астам адам өздерінің пәтерлері мен кеңселерінің иегерлері болды», — деп атап өтілген хатта.

Соңғы жаңалықтар