Үлескерлерді алдап Австрияға қашқан экс-депутатты елге қайтару қиынға соқпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлескерлерді алдап Австрияға қашқан экс-депутатты елге қайтару қиынға соқпақ

Үлескерлерді алдап Австрияға қашқан экс-депутатты елге қайтару қиынға соқпақ

Астаналық прокурорлар экс-депутат Ерқанат Тайжановтың тығылып жүрген жерін тапты. «Азбука жильяның» басшысы Австрия астанасында тұрып жатыр екен. Құзырлы орган тергеу жұмыстары аяқталған соң қашқынды ұстап, отанына қайтару туралы Венаға сұрау салмақ.

  • 30 Қазан 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz

Ерқанат Тайжанов үлескерлердің 27 миллиард теңгесін жымқырды деп айыпталуда. Экс-депутат қыруар қаржыға 9 тұрғын үй кешенін салу керек еді. Бірақ, шетелде бой тасалап жүрген Тайжановты елге қайтару қиынға соққалы тұр. Өйткені, әзірге Австрия мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ. Айта кетсек, Елордада қазір үлескерлердің бар ақшасын жинап алып, алдап кеткен құрылыс компанияларының басшылары шетінен тұтқындалып жатыр. Бірінші боп атышулы «Әл-Баракат» компаниясының директоры ұсталған. Бақытжан Тойымбетов үлескерлердің 1 жарым миллиард теңгесін қалтасына басты деген күдік бар. Онымен бірге «Шейхқазинвест» және «Капиталстройсервистің» де жетекшілері де қазір қамауда отыр. 

Соңғы жаңалықтар