"Ұлпан жыныстық қатынас дегеннің не екенін түсінбей кетті". Журналист Мүсіреповтің ұлы шығармасы туралы біртүрлі ой айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлпан жыныстық қатынас дегеннің не екенін түсінбей кетті". Журналист Мүсіреповтің ұлы шығармасы туралы біртүрлі ой айтты

"Ұлпан жыныстық қатынас дегеннің не екенін түсінбей кетті". Журналист Мүсіреповтің ұлы шығармасы туралы біртүрлі ой айтты

Журналист Перизат Мырзахмет қазақ әдебиетіндегі әйел бейнелеріне қатысты ерекше көзқарасын жеткізді. "Қазақ әдебиетінен қандай кейіпкер үлгі десең, барлығы Ұлпанды айтады. Қыз Жібек - махаббаттың символы дейді" деген Перизат Мырзахмет бұған мүлде қарама қайшы келетін өз ойларын жеткізді.

  • 19 Қаңтар 2023
  • 977
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы DOP SOZ YouTube арнасындағы подкастында әңгімеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

""Әйелдің бәрі бақытсыз. Және бақытсыз болу қалыпты жағдай. Әйел тағдыры сондай. Әйел қырық шырақты" деген нәрсеге біз үйреніп алдық. Қазақ әдебиетінен қандай кейіпкер үлгі десең, барлығы Ұлпанды, Жібекті айтады. Бірақ, мен айтамын Ұлпан 18 жасында өзінің әкесімен бірдей адамға тұрмысқа шықты. Оның үстіне физикалық тұрғыдан өте әлсіз адамға тұрмысқа шықты. Жап-жас қыз. Бүкіл гармондары ойнап тұрған кезде жыныстық қатынас дегеннің не екенін дұрыс түсінбей кетті. Ол адамды бақытты болды деп қалай айтуға болады? Отызға келмей күйеуі қайтыс болды. Сол қалпы ол жесір өтті. Бәрі "Ол ешкіммен жүрген жоқ. Ешкіммен жатқан жоқ. Бүкіл елді уысында ұстап отырды. Ол  мықты әйел" дейді. Иә, мықты әйел. Бірақ, бақытсыз әйел. Бізде "Мен мықты болғым келе ме? Бақытты болғым келе ме?" деген сұрақ тұруы керек. 

Шұғаның белгісі", "Шолпанның күнәсі", "Қамар сұлу" барлығының жеткізер ойы: "бақытты болу үшін күресу керек. Біреуді жеңу керек". Қарапайым, сүйген адамыңның қасында неге бақытты болуға болмайды? Неге? Міндетті түрде бір қиындықтардан өту керек. Жастар әлі күнге шын сүйгеніңе қосылу үшін Қозы Көрпеш Баян сұлу сияқты Қодарларды жеңу керек деп ойлайды. Қыз Жібек — махаббаттың символы деп бәрі айтады. Ол жерде өзінің махаббаты үшін күресе алған, "системаға" қарсы тұра алған мінезді қызды көрсетті. "Атастырып қойды. Әкем беріп қойды" деп Бекежанға тиіп кетсе де болатын еді", — дейді журналист.