Жарияланды: 830

Ұлтаралық келісім, дінаралық төзімділік - біздің басты байлығымыз - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлтаралық келісім, дінаралық төзімділік - біздің басты байлығымыз. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгінгі таңда әлемде дүрдараздық үдерістері белең алып тұр. Әсіресе Кавказдағы оқиғалардан кейін жағдай күрделеніп кетті. Ауғанстанда тыныштық жоқ. Иран мәселесі күн тәртібінен түсер емес. Африка құрлығында қақтығыстар жиі орын алады. Қысқасы, үлкен оптимизм жоқ, яғни дүние сабасына түсер-ау деуге негіз табылмай отыр. Елбасы осы тұста БҰҰ-ға үлкен сенім артылатынын мәлімдеді. Өйткені, әлемдік қауіпсіздік шын мәнінде үлкен сынақ үстінде тұр. Осының барлығы консенсусқа, келіссөзге балама жоқ екенін айғақтайды. Біздің шекара мәселесін оң шешкеніміз көп нәрсенің түйінін тарқатты. Көршілерімізбен қарым-қатынасымыз дұрыс жолға қойылған. Осының барлығы бүгінгі Қазақстанның жолы. Демек, тұрақтылықсыз жөнді даму жоқ. Қазақстан халқы бүгінгідей күрделі кезеңде бұған дейінгі сияқты ішкі татулықты сақтауға үлес қоса берулері керек. Ұлтаралық келісім, дінаралық төзімділік - біздің басты байлығымыз. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін