Он жылдықты қорытындылаған президент «Қазақстан осында тұратын бүкіл халықтар арасындағы қарым-қатынастң ең тиімді үлгісін жасай алды», деп мәлімдеді. «Қазақстан халықтарының ассамблеясы деп аталатын бірегей қоғамдық-саяси институт уақыттың сынағына төтеп бере алды»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
«Өткен мерзімде Ассамблеяның ұйымдастырушылқ және құқықтық базасы кеңейді»,- деді ол. «Ағымдағы жылдың 23-сәуірінде Қазақстан халықтарының ассамблеясын нығайту жөніндегі жарлықпен оның бұдан былай жұмыс жүргізуіне бекем құқықтық негіз қалыптасты».