Ұлттық банк Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнап монеталар шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.9
  • 603.32
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнап монеталар шығарды

Ұлттық банк Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнап монеталар шығарды

Мерейтойлық монеталар 15 қазанда айналымға шығады

  • 14 Қазан 2025
  • 7
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Áliya Moldaǵulova. 100 jyl коллекциялық монеталарды шығаратынын хабарлады.

Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы 2025 жылдың 15 қазанынан бастап сатыла бастайды.

Монеталар Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. Монетаның дизайнында қазақтың қайсар қызының портреті бейнеленген.

Банк монеталардың мельхиордан (MN 25) жасалғанын, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, brilliant uncirculated сапасында дайындалғанын, номиналы 200 теңге, таралымы 10 мың дана екенін хабарлады.

Барлық монета Қазақстан бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің және операцияның барлық түрі үшін қабылданады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.