Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

  • 17 Қаңтар
  • 3
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bes.media

2024 жылдың қараша айының соңында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсіп, орташа 480-нен 500 теңгеге дейін жеткен болатын.

Ұлттық банк желтоқсан айында 307,6 млн доллар сатты, ал қарашада интервенциялар көлемі 1 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, Ұлттық қордан сатылымдар айтарлықтай жоғары болды. Әдетте трансферттер көлемі 1 млрд долларға жетпесе де, мемлекеттік бюджеттегі шығындардың кірістерден асып кетуі бұл қадамға баруға мәжбүрледі. Мемлекеттік қарызды өтеуге арналған шығындар бюджет шығыстарының 20%-ына жетті.

29 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. «Teniz Capital Investment Banking» инвестициялық банкінің басқарма төрағасының кеңесшісі Данияр Көпбаев бұл шешімді ұлттық валютаға деген сенімді нығайту және қазақстандықтардың теңгедегі жинақтарын инфляциядан қорғау үшін дұрыс қадам деп атады.