2026 жылғы 6 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) базалық ставканы өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдегендей:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қабылданған шешімге әсер еткен факторлар мен болжамдар туралы толық ақпарат 11 наурызда Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланатын ақша-кредит саясаты туралы есепте көрсетіледі.
Сондай-ақ, келесі жоспарлы шешім 2026 жылғы 24 сәуір сағат 12:00-де Астана уақыты бойынша жарияланады.
Еске салсақ, алдынғы шешім 2026 жылғы 23 қаңтарда қабылданып, базалық ставка жылдық 18% деңгейінде, +/- 1 пайыздық пункт ауытқумен сақталған болатын.