Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Ұлттың банктің жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мәжіліс депутаты Ұлттық банк халықтың мүддесіне тікелей әсер ететін үш негізгі бастамасын атап өтті.
Аймағамбетовтың айтуынша, Ұлттық Банк белсенді инвестициялық саясатқа көшті. Соның арқасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс 3,4 трлн теңгені құрап, инфляция деңгейінен екі есе асып, 17,8%-ға жетті. Бұл – біздің ақшамыз және бізге түсетін табыс.
Алайда, бұл жеткіліксіз.
“Зейнетақы жинақтарының табыстылығы бойынша минималды міндеттемелерді заңнамалық деңгейде бекітуді маңызды деп санаймын. Бұл меже тек Ұлттық Банктің шешімі емес, заң нормасы болуы тиіс. Мұндай қадам біздің қордағы қаражатымыздың бюджет тапшылығын жабуға, мемлекеттік бағалы қағаздар мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалмай, шын мәнінде табыс әкеліп, жоғары табысты құралдарға инвестициялануын қамтамасыз етеді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — дейді ол.
Тағы бір жақсы жаңалық: 2024 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 4,5 млрд долларды құрап, табыстылық деңгейі 7,5%-дан асты. Депутаттың пікірінше, бұл инвестициялық көзқарастардың өзгеруі және тым консервативті стратегиялардан бас тарту арқылы мүмкін болды.
Мәжілісменнің пікірінше, Ұлттық банк алтын резервтері бағытында да жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Дамыған елдердің орталық банктері алтын-валюта резервтерін белсенді түрде арттырып жатқанда, Қазақстан да осы үрдісті ұстануда.
Ұлттық Банктің валюта және алтын резервтері 45,8 млрд долларға жетіп, 27,4%-ға ұлғайды. Бұл біздің елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономика үшін қосымша қауіпсіздік жастығын қамтамасыз етеді.