Ұлттық банк инвесторлар өмірін жеңілдетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк инвесторлар өмірін жеңілдетті

Ұлттық банк инвесторлар өмірін жеңілдетті

Қаржы маманы Айбар Олжаев жақсы жаңалықпен бөлісті.

  • 25 Қыркүйек
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Қаржы және инвестиция нарығын либералдандыру, бәсекелестік пен ашықтықты арттыру саясатына сәйкес, Ұлттық Банк бұдан былай шетелдік брокерлер арқылы сауда-саттық жасаған отандық инвесторларды есеп беруге міндеттемейтін болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тиісті қаулы өз күшіне еніп отыр.

«Осы қаулы күшіне енген күннен бастап резидент-жеке тұлғалардың резидент емес брокермен жасалған брокерлік қызметтерді көрсетуге және резидент емес инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған инвестициялық портфельді басқаруға арналған валюталық шарттары есепке алынады. Осы қаулы күшіне енгенге дейін нөмірлер берілген жазбалар Ұлттық Банктің аумақтық филиалында тіркеу есебінен шығарылды және шот нөмірлерінің тізілімінен алып тасталды деп есептеледі», — делінген Ұлттық Банктің қаулысында.

Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) бұл бастаманы жылы қабылдап, жоғары баға беріп отыр. Себебі, ол біздің отандық инвесторлардың жаһандық нарықтарда белсенді жұмыс істеуіне жол ашады.

Артық кедергілердің болмауы нарықтың қарқынды дамуына алып келіп, жеке инвесторлардың көбеюіне ықпал етпек. Бұл ретте Ұлттық Банк өз қызметін өте сапалы жүргізуде.