Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұжырымдама әзірленіп жатыр. Онда қорды қалыптастыру көздері, оны жинақтау және пайдалану тетіктері, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен активтердің тәуекел-профилін айқындау тәсілдері қарастырылады. Ерекше назар халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, криптовалюта нарығының құбылмалылығын есепке алу арқылы қорларды (крипторезервті) басқарудың ашықтығы, есептілігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылады, — деп жазылған Kazinform сауалына жолдаған жауапта.
Демек, әзірге крипторезерв ретінде нарықтағы қандай криптовалюталардан қор жинақтау көзделіп отырғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ, крипторезерв қалыптастыруға қандай көзден қаражат алынатыны, Ұлттық қордың, БЖЗҚ-ның қаражатын жұмсау ықтималдығы да нақтыланбаған.
-Қорды құру мерзімдері мен оның жұмыс істеу тәртібі тиісті тұжырымдамада белгіленеді, — деп жазады Ұлттық банктегілер.