Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді

  • 3 Қараша
  • 5
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Теңге бағамы бойынша

Қазанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін, яғни 3,5%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 248 млн АҚШ долларынан 271 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі — 6 млрд АҚШ доллары.

Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?

Қазанда Ұлттық қордан 660 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуге, «Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу бойынша жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ы немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллары болған.

Интервенция бойынша

Ұлттық банк қазанда валюта интервенциясын жүргізген жоқ.

БЖЗҚ бойынша

Ұлттық банк БЖЗҚ валюта активтерінің үлесі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескеріп, қазанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ұлттық банк мәліметінше, қарашада да валюта сатып алу жоспарланбайды.

Перейти к новостям спорта