Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертпек - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертпек

Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертпек

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді"

  • 14 Қаңтар
  • 3
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда айырбастау пункттерінде валютаны сатып алу және сату бағамдары арасындағы ауытқуларға жаңа шектеулер белгіленеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды.

Жобаға сәйкес, айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.

«Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған. Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді», — делінген хабарламада.