Құжаттың стратегиялық міндеті – басым жобаларды айқындау, нысаналы көрсеткіштер мен инфрақұрылымның негізгі бағыттарын белгілеу, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспары төрт негізгі бағытқа бөлінген 204 жобаны қамтиды:
- Энергетикалық инфрақұрылым (46 жоба) – жаңа нысандарды жаңғырту және салу, тұрғындарды газбен қамту деңгейін арттыру арқылы сенімді энергиямен қамтамасыз ету.
- Көлік инфрақұрылымы (59 жоба) – көлік дәліздерін дамыту, жолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту.
- Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы (89 жоба) – сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту.
- Цифрлық инфрақұрылым (10 жоба) – инфрақұрылымды бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу.