Комитеттің 2024 жылғы 12 сәуірдегі есебінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылдың бірінші тоқсанында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша 53 операция жүргізгені, оның ішінде шет мемлекеттердің мүдделі құзырлы органдарымен 16 операция жүргізілгені айтылған.
«Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізуарнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тоннакөкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.»ҚР ҰҚК баспасөз қызметі