Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

2025 жылғы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.

  • 26 Желтоқсан
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Президент:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

Сонымен қатар Үкіметке ҰҚК-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  • қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеуді;
  • осы жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін», – делінген құжатта. 

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 2025 жылғы 18 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін қайта ұйымдастырып, оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне айналдыру, ал инновациялық қызметке қатысты функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Перейти к новостям спорта