Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
16-20 наурыз аралығында ұлттық киім кигендер баққа тегін кіре алады.
Ботаникалық бақ әкімшілігі табиғатпен үйлесімді өмір сүру және оны құрметтеу дәстүрлі көшпелі өмір салтының және қазақ халқы философиясының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
«16-20 наурыз аралығында ең жақсы шапандарыңызды, көйлектеріңізді және камзолдарыңызды киіп келіңіздер. Көктемнің жаңаруын табиғат аясында бірге тойлайық, дәстүрлеріміздің сұлулығын және туған жерімізге деген терең құрметімізді көрсетейік», – деп хабарлады әкімшілік.
Ботаникалық бақ мамандары тұрғындар мен қонақтарды табиғат аясында көктемді тойлауға және ұлттық киім кию арқылы дәстүрлерді сақтауға шақырады.