«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандықтар 2 айда қанша қаржы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандықтар 2 айда қанша қаржы алды

«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандықтар 2 айда қанша қаржы алды

Осы жылдың ақпан айында бағдарлама аясында БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы төлемдер түсе бастады.

  • 5 Сәуiр
  • 74
Фото: freepik.com

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы екенін ескерген жөн. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтарға БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға (нысаналы жинақтау шоттарына) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары-балалар арасында бөлінеді.

НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеуге арналған. НЖШ-ге қаражат аударылғаннан кейін ол АҚШ долларында сақталады. 2024 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар өздерінің нысаналы жинақтарын көрсетілген мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.

Тұрғын үйді жақсарту

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қаражатты пайдалануды қалағандар арасында ең белсендісі Шымкент қаласының тұрғындары (10 451,48 АҚШ доллары сомасына 104 өтініш орындалды), екінші орында – Қызылорда облысының тұрғындары (9 547,32 АҚШ доллары сомасына 95 өтініш орындалды), үшінші орында – Астана қаласының тұрғындары (8 750,56 АҚШ доллары сомасына 88 өтініш орындалды).

Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымды толықтыру (72 671,00 АҚШ доллары сомасына 727 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 2 109,88 АҚШ доллары сомасына 21 өтініш, ипотекалық тұрғын үй алу үшін бастапқы жарнаны енгізу- 1 305,72 АҚШ доллары сомасына 13 өтініш.

Білім беру ақысын төлеу

Білім беру ақысын төлеу үшін қаражатты пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар Шымкент қаласының тұрғындары (23 232,34 АҚШ доллары сомасына 232 өтініш орындалды), екінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (12 290,28 АҚШ доллары сомасына 123 өтініш орындалды), үшінші орында – Жамбыл облысының тұрғындары (8 724,84 АҚШ доллары сомасына 87 өтініш орындалды).

Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуді бөліп көрсетуге болады. Бұл ретте 99 160,18 АҚШ доллары сомасына 991 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында — білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (15 544,60 АҚШ доллары сомасына 155 өтініш орындалды), үшінші орында — шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (3 911,44 АҚШ доллары сомасына 39 өтініш орындалды).

Естеріңізге сала кетейік, бұл тек алғашқы есептеулер, сома көлемі жыл сайын Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық табыс алу есебінен ұлғаяды. Бұдан басқа, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастыруда және ол Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкелетін болады.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. — 6 919 131 бала (01.01.2006 ж.бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар). Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талаптар сомасы есептелген.