"Ұлттық қор – балаларға": кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 500.32
  • 545.3
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттық қор – балаларға": кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатыр

"Ұлттық қор – балаларға": кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатыр

2025 жылы қанша бала Ұлттық қордан ақша алады?

  • 19 Наурыз
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 2025 жылдың 1 наурызына дейін 18 жасқа толған балалардың 75 329-ы өз қаражатын пайдалануға өтініш берген, — делінген жауапта.

Олар жалпы 8 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны шешіп алды. Оның ішінде:

43 781 бала – 4,65 миллион долларды тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланды.
31 548 бала – 3,35 миллион долларды білім алу ақысын төлеуге жұмсады.

2025 жылы барлығы 324 430 бала 18 жасқа толады, яғни олар да осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы, бағдарлама аясында 2025 жылы 6 921 035 балаға қаражат есептеледі. Әр балаға 129 доллар 38 цент бөлінеді, — дейді зейнетақы қоры.