«Ұлттық қор – балаларға»: Қордан бөлінген жинақты қалай пайдалануға болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұлттық қор – балаларға»: Қордан бөлінген жинақты қалай пайдалануға болады?

«Ұлттық қор – балаларға»: Қордан бөлінген жинақты қалай пайдалануға болады?

Бағдарламаның толық шарттары мен пайдалы нұсқаулықтарды kids.enpf.kz сайтынан таба аласыз.

  • 15 Тамыз
  • 5
Фото: ашық дереккөз

БЖЗҚ өзінің ресми телеграм-каналында осы туралы нұсқаулық берген. Бұл – баласы 18-ге толған әрбір ата-ана үшін керек ақпарат, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сонымен, бала 18 жаста делік. Ұлттық қордың инвестициялық табысынан бөлінетін қаражатты бала қандай мақсатта пайдалана алады? Жауабы:

– үй жағдайын жақсартуға;
– оқу ақысын төлеуге.

Сол үшін екі уәкілетті оператор бекітілді. Олар:
•⁠ ⁠Отбасы банк. Мұны таңдасаңыз – қаражатты үй алуға немесе білімге пайдалана аласыз.
•⁠ ⁠Халық банк. Мұны таңдасаңыз – қаражатты білім ақысын төлеуге пайдалана аласыз.

Енді сол мақсатқа жету үшін 5 қадамды білу керек.

Соманы білу
18 жасқа толған қазақстандық азамат Ұлттық қордан бөлінетін қаражат мөлшерін БЖЗҚ сайтында немесе оның телефонға арналған қосымшасындағы «Жеке кабинетінде» немесе Egov порталында біле алады. Ескеріңіз: Бұл ақпарат ата-ананың «Жеке кабинетінде» болмайды.

Шот ашу
Шот 18-ге толған баланың атына ашылады. Осы жерде жоғарыда аталған екі уәкілетті оператордың (Отбасы банк, Халық банк) бірін таңдау керек. Сосын АҚШ долларына арналған шот ашып, олардың сайтында онлайн-өтініш бересіз.

Расталғанын күту
Сіздің өтінішті қарастырған соң уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға электронды хабарлама жібереді. Оны 5 жұмыс күні ішінде қарастырып, тиісті ақшаңызды шотыңызға аударады.

Құжат ұсыну
Ақша түскеннен кейін Сізге 45 жұмыс күні беріледі. Сол уақыт ішінде ақшаны пайдаланатын өз мақсатыңызды айқындап, уәкілетті операторға тиісті құжаттарды ұсынасыз.

Аударымды алу
Уәкілетті оператор құжаттарды тексеріп болған соң, қаражатты Сіз таңдаған мақсатқа аударады. Егер Сіздің тараптан құжат ұсынылмайтын болса, қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Егер бұдан да көбірек ақпарат алғыңыз келсе, Бағдарламаның толық шарттары мен пайдалы нұсқаулықтарды kids.enpf.kz сайтынан таба аласыз.