Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік фронт-кеңселер мен елдің барлық аймағынан келген бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктес ұйымдар қатысты.
Жиын барысында волонтерлік және азаматтық сектордың жаңа Конституция ережелерін жүзеге асуына қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың халықты ақпараттандырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекеттік органдармен өзара байланыс мәселелері қаралды.
Сонымен қатар қоғамдық қатысуды жаңа консультативтік тетіктер арқылы күшейту перспективалары, жастарды қолдау, адами капиталды дамыту, әлеуметтік және медициналық саясат, сондай-ақ дербес деректер мен цифрлық құқықтарды қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық волонтерлік желінің жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған үндеуі қабылданып, жария етілді. Үндеуде волонтерлік қауымдастықтың конституциялық өзгерістерді одан әрі қоғамдық талқылауға және оларды тәжірибеде іске асыруға белсенді қатысуға дайын екені атап өтілді.