Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА залы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА залы ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА залы ашылды

Бүгін  ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы залы ашылды.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 752
Фото - Caravan.kz

ҚХА-ның 20 жылдығына орай ашылған зал кітапхана қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде азаматтық қоғамның негізгі құндылықтарын ілгерілету, мәдениетаралық сұхбат арқылы адамдар арасында өзара түсіністік пен достық қарым-қатынас орнату мақсатында жұмыс істейді.

ҚХА залы ресурстарының негізін 2009 жылы ұйымдастырылған ҚХА депозитарийінің қоры құрайды. Онда 1500 данадан астам құжат тіркелген. Олардың ішінде ерекше сұранысқа ие монографиялар, ғылыми  конференциялар жинақтары бар.

Сонымен қатар шара барысында этномәдени бірлестіктер қызметі жайындағы «Менің Қазақстаным» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Алғашқы қадамдар (1995-1997 жж.)» жинақтарының тұсауы кесілді.

«Мені Қазақстаным» анықтамалығында Қазақстанда құрылған республикалық, аймақтық этномәдени бірлесіктер туралы мәліметтер алғаш рет жүйелі түрде басылып отыр. Ал екінші жинақта ҚР Президенті қорының мұрағатында сақталған құжаттар топтастырылған. 


2 3 4 5 6 7

Перейти к новостям спорта