Ұлттық банк 2005-жылы инфляция деңгейін 4,7 - 6,5 процент аралығында сақтап қалмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк 2005-жылы инфляция деңгейін 4,7 - 6,5 процент аралығында сақтап қалмақшы

Ұлттық банк 2005-жылы инфляция деңгейін 4,7 - 6,5 процент аралығында сақтап қалмақшы

Қазақстан Ұлттық банкінің болжамы бойынша 2005-жылы инфляция деңгейі төмендейді. Бұл туралы бүгін, 13-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық банк 2005-жылы тұтыным құнының индексі бойынша инфляциялық дәлізді 4,7 — 6,5 процент аралығында болжап отыр»,- деді Ұлттық банк төрағасы. 2004-жылғы орташа жылдық инфляция 6,9 процентті құрады. Ал болжам 7 процент болған.

Ә.Сәйденовтың пікірінше, экономикалық өсім мен әлеуметтік бағыттағы бюджеттік шығындар деңгейінің артуы ахуалында инфляцияны белгіленген параметрлер шеңберінде сақтап қалу оңайға түспейді. «Сол себепті Ұлттық банк пен үкіметке бірлесе отырып, үлкен белсенділікпен көп нәрсе тындыруға тура келеді»,- дейді ол.
Ә.Сәйденовтың айтуынша, қаңтар айында Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын көтеру мәселесімен бірге ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының ақырғы нұсқасын жасап бітіреді. Ұлттық банк пен үкіметтің осыған қатысты бірлескен мәлімдемесінің жобасы қаңтар айының аяғына дейін әзір болмақ.

Перейти к новостям спорта