Ұлттық банк «Абай» ескерткіш монеталарын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк «Абай» ескерткіш монеталарын шығарды

Ұлттық банк «Абай» ескерткіш монеталарын шығарды

ҚР Ұлттық Банкі 2015 жылғы 14 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік,

  • 14 Тамыз 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

«рroоf» сапалы алтыннан және күмістен және номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Абай» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 7,78 грамм, диаметрі — 21,87 мм, дайындау сапасы — «proof», таралымы — 1 мың дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы — 31,1 грамм, диаметрі — 38,61 мм, дайындау сапасы — «proof», таралымы — 3 мың дана;

3) нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі — 31 мм, массасы — 11,17 грамм, таралымы — 100 мың дана.

Еске сала кетейік, қазақтың ағартушысы әрі ойшылы Абайдың портреті 1993 жылғы үлгідегі 20 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленгенін атап өтеміз. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі — ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.


«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың әр түрінің алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуын атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар