Ұлттық банк айналымға «Әлемнің әйгілі мешіттері» сериясынан 3 алтын естелік монетасын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк айналымға «Әлемнің әйгілі мешіттері» сериясынан 3 алтын естелік монетасын шығарды

Ұлттық банк айналымға «Әлемнің әйгілі мешіттері» сериясынан 3 алтын естелік монетасын шығарды

ҚР Ұлттық банкі 8 шілдеде айналымға «Әлемнің әйгілі мешіттері» сериясындағы естелік үш алтын монета: MohamedAli, OmarAliSaifuddinжәне Taj-Ul монеталарын шығарды, делінген Ұлттық банк хабарында.

  • 13 Шiлде 2011
  • 366
Фото - Caravan.kz

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған, массасы 3,1 грамм, диаметрі – 16 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның біреуінің сырт жағында (реверсінде) ортада «MОHAMED ALI» (Каир.Египет) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «MОHAMED ALI», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «CAIRO» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Екінші монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «OMAR ALI SAIFUDDIN» (Бруней) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «OMAR ALI SAIFUDDIN», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «BRUNEI» деген жазу бар.

Үшінші монетаныңсыртжағында(реверсінде) ортада«TAJ-UL» (Үндістан) мешітініңбейнесіорналасқан. Жоғарыбөліктеайналдыра«TAJ-UL», төменгібөліктеағылшынтілінде«BHOPAL» дегенжазубар, делінгенҰлттықбанктаратқанхабарда.

Соңғы жаңалықтар