Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті

Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті

Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді.

  • 29 Маусым 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы — Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», — деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы — Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар