Ұлттық банк «Аманат» және «Евразийский» зейнетақы қорларының бірігуіне рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк «Аманат» және «Евразийский» зейнетақы қорларының бірігуіне рұқсат берді

Ұлттық банк «Аманат» және «Евразийский» зейнетақы қорларының бірігуіне рұқсат берді

Р Ұлттық банкі «Аманат» зейнетақы жинақ қорына (ЗЖҚ) Еуразиялық зейнетақылық жинақ қорымен (ЕЗЖҚ) бірігу арқылы қайта ұйымдастыруға рұқсат берді, делінген ҚР Ұлттық банктің қаржылық нарық пен қаржылық мекемелерді қадағалау және бақылау комитетінің (ҚҚК) хабарында.

  • 11 Шiлде 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

«ҚР Ұлттық банк басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен «Орта-Азиялық отын-энергетикалық компания» АҚ (ОАОЭК) мен оның ірі акционерлері Е. Әмірхановқа, А. Клебановқа және С. Канға «ЕЗЖҚ» АҚ ірі қатысушылары мәртебесін беруге келісім берді», — делінген хабарда.

Аманат Қазақстан» ЗЖҚ» АҚ бүкіл Қазақстанда 70-тен астам елді мекенде өкілдіктері бар аймақтық ірі желі. Қордың жеке капиталы 2011 жылы 1 маусымға Т1,476 млрд болды. Зейнетақылық активтері – Т57,9 млрд болды. Салымшылар саны – 352 мың адамнан асты. 5 жылдағы атаулы кірісі 34,2% болды.

«Еуразиялық ЗЖҚ» АҚ Қазақстанның 16 аймақтық өкілінен тұратын желісі бар. Қордың жеке капиталы – Т3,22 млрд, зейнетақылық активтері – Т78,3 млрд, салымшылар саны – 223 мың адам, 5 жылдағы кірістілігі — 29,27%.

«ОАОЭК» холдингтік компания Қазақстан экономикасының бірнеше секторларында – машинажасау, электроэнергетика, қаржы және химия өнеркәсібінде бар. Холдинг активтері 2011 жылдың 1 сәуіріне $1 млрд-тан асты.

Соңғы жаңалықтар