Ұлттық банк араласқаннан кейін доллар бағамы қайта түсе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк араласқаннан кейін доллар бағамы қайта түсе бастады

Ұлттық банк араласқаннан кейін доллар бағамы қайта түсе бастады

Ұлттық банк араласқаннан кейін доллар бағамы қайта түсе бастады. Бүгін АҚШ валютасы 270 теңгеден сатылып жатыр. Ал кешегі шарықтап кеткен бағам қор биржасындағы алыпсатарлардың әрекеті екен. Ұлттық банк олардың тізімін де жариялады. Доллар еркін айналымға жіберілгелі пайдаға кенелгендердің қатарын «Халық банкі» бастап тұр.  

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz

Кешегі сауданың өзінде банк 58 миллион доллар сатып алған. Екінші орында  47 миллион 600 мың доллармен «Қазақ банкі». Алғашқы үштікте «Халық банкіне» тиесілі «Алтын банк» те бар. Екеуінің табысын қосқанда олар иеленген валюта 105 миллионнан асып отыр. Доллар өсімінен жалпы 24 банк ұтқан. Тізімді жариялағаны болмаса, биржадағы сауданы қыздырып, долларды қасақана қымбаттатқан алыпсатарларға әзірге Ұлттық Банк ешқандай шара қолданбады. Негізі, биржа ойыншылары бұрын-соңды бұлай әшкере болған емес. Содан болар, бас банктің бұл қылығына екінші денгейлі банк басшылары қапалы.      

Ертай Сәлімов, «Қазақстан Халық банкі» басқарма төрағасының орынбасары:

— Банки не спекулируют… Банктер алыпсатарлықпен айналыспайды. Ұлттық Банк мәліметті толық көрсетпеген. Тек биржадағы саудадан бертін ғана ақпаратты таратып отыр. Біздер тек клиенттеріміздің талабын орындадық. Бұл ешқандай да шектен шығу емес.

Соңғы жаңалықтар