Ұлттық банк Астанаға әзірге көшпейді - Қ. Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Астанаға әзірге көшпейді - Қ. Келімбетов

Ұлттық банк Астанаға әзірге көшпейді - Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Астанға әзірге көшпейді.

  • 23 Қазан 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда Халықаралық Валюта Қорының Орталық Азия және Кавказ өңірлеріне арналған «Өңірлік экономикалардың даму келешегі» атты баяндамасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Әзірге Астанаға көшпейміз. Жалпы, Астанада құрылатын  халықаралық қаржы орталығы Қазақстанда әлі жеткілікті дамымаған басқа қаржы қызметтерін алдағы 5-10 жыл ішінде дамытуға арналған. Олар — қоғамдық және жеке капиталды басқару, Ислам қаржыландыру жүйесі, халықаралық капитал нарығында зейнеткерлік қаржыны басқару және басқа да салалар. Ал банк ритейлі, яғни жеке клиенттерге қызмет көрсету кешені, сақтандыру компанияларының ритейлі қазіргі қаржы секторында, яғни Алматыда жүзеге асырылатын болады. Өйткені, Алматының айналасында 2-3 миллион адам өмір сүреді. Ұлттық банк және оның бөлімшелері де осы жерде орналасқан», — деді Қ. Келімбетов.

Ұлттық банктің төрағасы ұлттық регулятордың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын және қазіргі қаржы үнемдеу жағдайында Үкіметтің көшуді талап етіп жатқан жоқтығын айтты.   


«Біз көшуге асығып жатқан жоқпыз. Бұл жерде екі хабтың арасында ешқандай антогонизм жоқ. Бір хаб дәстүрлі банк және сақтандыру саласындағы қызметтерді дамытумен айналысады және Орталық Азия аймағын қамтиды. Ал Астанадағы халықаралық қаржы орталығы Кедендік одақ және Шанхай ынтымақтастық ұйымы деңгейінде қызмет атқарады және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған. Бірақ, Елбасының қаулысына сәйкес, Ұлттық банктің белгілі бір бөлімшелері алдағы уақытта Астанаға көшеді», — деді Қ. Келімбетов. 

Соңғы жаңалықтар