Ұлттық банк басқарған еліміздің қаржылық жүйесі әлемдік қаржы институттарының жоғары бағасына ие болды - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк басқарған еліміздің қаржылық жүйесі әлемдік қаржы институттарының жоғары бағасына ие болды - ҚР Елбасы

Ұлттық банк басқарған еліміздің қаржылық жүйесі әлемдік қаржы институттарының жоғары бағасына ие болды - ҚР Елбасы

Соңғы жылдарда "Ұлттық банк басқарған еліміздің қаржылық жүйесі әлемдік қаржы институттарының жоғары бағасына ие болды". Әнуар Сәйденовтың Ұлттық банк төрағасына тағайындалу себебіне түсініктеме берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы осы орайда "банктің жаңа басшылығы бұған дейін қалыптасқан осындай қарқынды сақтап қалуы қажет" деп атап көрсетті.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 857
Фото - Caravan.kz

Елбасы Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченконың еліміздегі қаржылық жүйені дамытуға қосқан «зор үлесін» жоғары бағалай отырып, ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған оның ендігі жерде жалпы Қазақстан экономикасы мен қаржылық секторын үйлестіру жұмыстарымен айналысатынын атап өтті.

Н.Назарбаев көптен бері еліміздің қаржылық секторында тер төгіп келе жатқан Ә.Сәйденовтың бүгінге дейін «көбінесе екінші рольдерде жүргенін», «жарқырап алға шығатын мерзім жеткенін» атап көрсетті. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің тізгіні «лайықты адамға» бұйырғанын мәлімдеді.
Өз кезегінде Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Г.Марченко Ә.Сәйденовты «еліміздің таңдаулы қажыгерлерінің бірі » ретінде бағалады. «Ол мейлінше адал, кәсіпқой адам, әрі менің пікірімше, бұл — ең лайықты кандидатура»,- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. «Ұлттық банк еліміздің ең бір маңызды мекемелерінің бірі және оның бұдан былайғы басты мақсаты — мекеме бағындырған барлық биіктіктерді одан бетер биіктету» деп атап өтті ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы Ә.Сәйденовтың кандидатурасын парламент депутаттарына бүгін, 26-қаңтарда таныстырды. Ұлттық банктің жаңа төрағасына ұсынылған адамды халық қалаулылары бір ауыздан құптады. Бұл шешім үшін сенаттың 38, мәжілістің 68 депутаты дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар