Бұрын хабарлағанымыздай, енді үш жарым айдан кейін бірқатар банкноттар айналымнан алынады, деп хабарлайды КТК.
Атап айтқанда, алдағы қазан айынан бастап 2006 жылы басылып шығарылған 2000, 5000, 10000 теңгеліктермен төлем жасауға тыйым салынбақ. Сондықтан Ұлттық банк тұрғындар ескі ақшаларын алдағы үш жарым айдың ішінде ауыстырып алуы керек деп отыр. Ал оған үлгермегендер теңгелерін екінші деңгейлі банктерге өткізе алады. Ол үшін ешқандай комиссия алынбайды. Осылайша тозығы жеткен теңгелерді жаңа банкноттармен алмастырған Ұлттық банк алдағы уақытта 200 және 500 теңгеліктердің де жаңаруы мүмкін екенін жеткізді.